Институт туралы

Тарихы

 

23.04.2004ж. Ректордың № 152-п бұйрығымен Ақпараттық технологиялар институтының қарамағынанҚашықтықтан білім беру орталығы құрылды.

 

30.01.2009 ж. Ректордың № 42-п бұйрығымен Қашықтықтан білім беру орталығыҚашықтықтан білім беру институты (ҚББИ) болып өзгертілді.

 

Қашықтықтан оқыту - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегiмен тұрғылықты жерінен немесе уақыттан тәуелсiз оқыту, оқушы және қашықтықтағы оқытушының өзара байланысты қатынасы негiзінде жүзеге асырылатын бiлiм беретін үдеріс.

 

Оқу үдерісін басқару жүйесi университеттiң меншiктi өңдеуi болып табылатын ҚазҰТЗУ бiлiм беру порталы негiзiнде құрастырылған.

 

ҚББИ барлық оқушыларына серверден виртуалды «дербес кабинеттер» ашылған, кез-келген уақытта оқытушының дәрістері мен әдістемелік құралдарын ашып қарау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар ұсынылған тапсырмаларды орындап, қайтадан жіберуге, жеке оқу жұмыс жоспарын алуға, өзінің оқу траекториясын құруға, анықтамалық мәліметтерді, on-line дәрiстері мен емтихандардыңкестелерiн алады.

 

Университетте қашықтықтан оқытудың әр түрлi технологиялары дамытылды, соның бiрi вебинар форматында on-line сабақтарын өткiзу. Ьүгінде студенттердің өзара ақпараттық байланысы тұрақты қарым-қатынасқа айналды.

 

Кез келген вебинар жеңiл түрде дискіге жазылып алынадыжәнекөптеген мақсаттар -iшкi корпоративті білім кiтапханасын құрастыру,интернет желiсiнде жариялау, өткiзiлген жұмысты талдау үшiн қолданылады, ол осы тұрғыдамаңызды болып есептеледі.

 

Технологияның дамуы бұдан әрі білім беру жүйесінің жетілуін қамтамасыз етеді, қашықтықтан оқытуды вариативті, жеке бағыт-бағдарға мүмкіндік бере отырып, оның сапасын жақсартады.

 

Қашықтықтан білім беру - бiлiм алу түрінің баламалы түрі бола отырып, негізгі нысана ретінде студенттің жеке тұлғасын алады, оқытушы тек білім беруші ғана емес, танымдық үдерісті ұйымдастырушы, оқу курсы мен кеңес беру қызметін үйлестіруші болып табылады.

 

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ 2015 жылы Еуропалық GUIDE (Global Universities In Distance Education, Rome, Italy) ассоциациясының құрметті мүшесі болып тіркелді.

 

Мақсаты мен міндеттері

  • – қазіргі заманға сай ақпаратты – коммуникациялық технологияларды енгізу және халықаралық танылған жүйелердің үздік элементтеріне сәйкес қашықтықтан білім беру сапасын қамтамасыз ету. Мақсаттарымыз нақты (measurable), жетімді (attainable), шынайы (relevant) және уақытта белгіленген (time bounded) біз 2011-2018ж.ж  даму Стратегиясын қабылдап,осыны түсіне отыра бүгінгі тез өзгеретін жағдай да  ұзақ мерзімді жоспарлау қажетсіз болады. Оның үстіне мақсат астарында не жатқанын түсінеміз, неге ұмтылу неге жетуіміз керектігін.

 

Жоғарыда айтылғанға орай кез келген мақсат – теккезең (any target – just a phase), ал біздіңмақсат тиісінше белгілі бір кезеңдерден тұрады.

  • еңбек нарығымен және технология  қажеттілігімен  Университет барынша максимальды өз ара тығыз қамтамасыз етуде;
  • қазіргі заманға сай білім беру технологиялары мен үздік халықаралық деңгейде танылған жүйелері білім беру сапасымен қамтамасыз ету;
  • ұйымдардың оқу процесін оңтайландыру;
  • жүйелі өзгерістерді өткізу.

 

Миссия және стратегиясы

ҚББИ-нің миссиясы:

  • қазіргі заманауи ақпаратты – коммуникациялық технологияны қолдана отырып, жаңа ұрпаққа сапалы жоғары деңгейдегі техникалық мамандықтар ұсынылады;
  • білім беру процесінің тиімділігін арттыру;

 

ҚББИ-да ҚОТ бойынша оқу үрдісін басқаруға арналған  студентке бағытталған модель қабылданған

 

 

ҚББИ-да оқытушы мен білім алушының арасындағы байланыс келесідей моделі  қабылданған

 

2011 -  2018 жылдарға арналған Қ.И.Сатбаев атындағы ҚазҰТЗУ қашықтықтан білім беру жүйесін дамыту Стратегиясы (step by step)

 



ҚББИ басшылық ету принциптері:

  • білім беру қызметінің сапасы  – негізгі приоритеті қолданушыларды қанағаттандыруға қол жеткізу;
  • тұтынушылардың мүдделері (білім алушылар, өнеркәсіп салалары , өндіріс және  қоғам);
  • қызметкерлердің және профессорлық-оқытушылар құрамы біліктілігін үздіксіз арттыру;
  • барлық қызметкерлерге сенім мен құрмет;
  • әлеуметтік жауапкершілік принциптері, адалдық.

 

ҚББИ  құрамында үш бөлім бар:

- Қашықтан оқыту технологияларын ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі (ҚОТ АТҚЕ)

- Қашықтан оқыту технологияларын ұйымдастыру және  әдістемелік сүйемелдеу бөлімі.  (ҚОТ ҰӘС)

- Қашықтан оқыту жүйесін дамыту және техникалық қызмет көрсету" ғылыми-зерттеу және технологиялық зертханасы.

 

 

 

Наверх